2023 жылдан бері өңірде жоғары оқу орындарын тәмамдаған 989 жас мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаңа тәсіл жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Отандық ЖОО-ны GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен емес нәтижемен аяқтаған түлектер аудан, облыстық маңызы бар қала және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындала алады.
Бұған дейін бұл мүмкіндік тек мемлекеттік грантпен білім алған түлектерге берілсе, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ереже өзгерді. Енді жоғары оқу орнын ақылы негізде оқып, оқуын жақсы нәтижемен аяқтаған жастар да мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу мүмкіндігін пайдалана алады.
Агенттік бұл өзгеріс білімді әрі белсенді жастардың мемлекеттік қызметке келуіне жол ашатынын атап өтті.