Жөргекке салынған инвестициядан табыс түсе бастады

850

Жөргекке салынған инвестициядан табыс түсе бастады

"Бәйтерек" холдингінің еншілес компаниясы "Қазына капитал менеджмент" жөргек шығаратын зауытқа салған инвестициясының жемісін көре бастады, деп хабарлайды today.kz

2015 жылдың соңында компания  Қазақстандағы жөргек шығаратын алғашқы зауытқа 888,3 миллион теңге қаржы салған еді. Инвестиция айналымдағы ақшаны толықтыруға, шикізат пен құрылғы алуға жұмсалған.

2017 жылдың күзінде компанияға салынған қаржыдан 70 миллион теңге көлемінде инвестициялық табыс түсті.

"Біздің қорымыздың бірі - Baiterek Venture Fund кәсіпкерлерді қолдап, 2015 жылы жапон инвесторларымен бірге "Sachiko-Olzha Products" ЖШС-ның бір мүшесі болды.2016 жылы зауыт қайта жасақталып, 2017 жылы Nico-Nico брендімен экспортқа бағытталған жаңа өнім бере бастады", - дейді "ҚКМ" басқарма төрағасы Асқар Достияров.

Қазақстандағы алғашқы жөргек шығаратын зауыт Алматы облысы Қарасай ауданында салынды.

Кәсіпорында Жапонияның жоғары технологиясы қолданылған. Жылына 250 миллион жөргек шығаратын қуаты бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу