ЖРВИ-ден қалай қорғануға болады?

Алматылық дәрігер маусымдық вирустардан сақтану жолын айтты.  

ЖРВИ-ден қалай қорғануға болады? Фото: doromarine.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының №16 қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімінің меңгерушісі Баян Тәкібаева айтты.

"Қолды жиі жуу, респираторлық гигиена – бұл жөтелгенде және түшкіргенде ауыз бен мұрынды жабу, адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу ЖРВИ және тұмау жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі", – деп түсіндірді маман.

Баян Мәуленқызының айтуынша, ауа тамшылары арқылы жұғатын жіті жұқпалы аурулар этиологиясы бойынша ерекшеленеді (300-ден астам вирус белгілі).

Негізгі белгілері:

  • температурасы 38*С және одан жоғары болса ;
  • пульстің жиілігі температураның артуына сәйкес келеді.
  • тыныс алу жиілейді;
  • мұрыннан су ағып, құрғақ жөтел болады;
  • бет мен мойынның гиперемиясы, қатты терлеу байқалады.

Баян Тәкібаева екпе алмағандарға бетперде киіп, арақашықтықты сақтауға, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу