ЖРВИ мен ауырған адам КВИ-дің күзгі толқынына дейін әлсіреп қалады

954

Дәрігер-сарапшы ЖРВИ-ге қарсы вакцинаны бірінші кезекте кімдер салғыза алатынын айтты. 

ЖРВИ мен ауырған адам КВИ-дің күзгі толқынына дейін әлсіреп қалады

ЖРВИ, КВИ дифференциалды диагностикасы және тұмауға қарсы вакцинациясы туралы онлайн-брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқарманың штаттан тыс бас инфекционисті Тамара Ұтағанова тұмауға қарсы вакцина тақырыбын көтерді. 

"Күз мезгілі ЖРВИ-дің өршитін уақыт. Ал онымен ауырған адамның иммунитеті әлсірейді. Сондықтан адамдар коронавирустың жаңа толқынына әлсіреген күйде кіруі мүмкін. Бұдан халықты қорғау үшін тұмауға қарсы вакцияна салынады", – деген дәрігер-сарапшы екпе бірінші кезекте кімге жасалатынын айтты. 

"ЖРВИ-ге қарсы вакцина жасы 65-тен асқан, жиі ауыратын балалар, аяғы ауыр әйелдер, иммун тапшылығы бар адамдар, кез келген өкпенің созылмалы ауруымен ауыратын науқастарға және медициналық қызметкерлерге салынады", – деді Тамара Ұтағанова.

Еске сала кетсек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұған дейін қала халқына тұмауға қарсы вакцина салу мәселесін көтерген болатын. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу