ЖРВИ-мен ауырғандардың дені балалар – министр

281

Бүгінгі таңда, елімізде ЖРВИ-дің 1 млн 370 мың жағдайы тіркелді. 

ЖРВИ-мен ауырғандардың дені балалар – министр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дің 1 млн 370 мың жағдайы тіркелді. Оның ішінде, ЖРВИ-мен ауырғандардың 66%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, сырқаттанушылық 8%-ға төмен. Қараша айынан бастап тұмаудың 115 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалардың арасында 36-сы расталды. Алдыңғы жылдардағыдай А(H3N2) тұмауының және В тұмауының айналымы байқалады, былтырға қарағанда 8,1%-ға төмен", - деді министр.

Ажар Ғинияттың айтуы бойынша, тұмау жағдайлары Ақмола, Ақтөбе, Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірде тіркелген. 

"Бұдан бөлек, бұрынғыдай риновирустар, бокавирустар, РС вирустары, аденовирустар, паратұмау сияқты басқа респираторлық инфекциялар тіркеліп отыр. Тұмауға қарсы вакцинациялау науқаны аяқталып, 2 млн 400 мың адам егілді", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу