ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңінде иммунитетті қалай нығайтуға болады?

692

Иммунитеті нығайту үшін А, В, С, Д, Е дәрумендері қажет. Дегенмен, әуелі организмге қандай дәрумендер қажет екендігін анықтап алу керек. 

ЖРВИ мен тұмаудың өршу кезеңінде иммунитетті қалай нығайтуға болады?

Нұр-Сұлтан қалалық №1 емхананың учаскелік терапевт дәрігері Шолпан Оразалы иммунитетті нығайту үшін қандай дәрумендер қажет екенін айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Барлығымыз білетіндей, ауа-райының салқындауына байланысты күз және қыс мезгілдерінде ЖРВИ және басқа инфекциялық ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Әсіресе дәл қазіргідей бүкіл әлемдік пандемиялық жағдайда денсаулықты күтіп, иммунитетті көтеру маңызды. Мұндай жағдайда таза ауада тыныстап, жаттығулар жасап, жаман әдеттерден арылу арқылы ағзамызға көмектесе аламыз. Салауатты өмір салтын сақтап, күнделікті толыққанды 7-8 сағаттық ұйқы және эмоционалды тыныштықты қамтамасыз ету де маңызды. Сонымен қатар микроэлементтер мен витаминдерге бай тағамдарды тұтыну арқылы қысқа уақыт ішінде ағзаның резервтік күшін жоғарылатып, әр түрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін күшейтуге болады.

Дәрігердің айтуынша, иммунитеті нығайту үшін А, В, С, Д, Е дәрумендері қажет. Кейбір дәрумендерді ағзаның өзі түзуге қабілетті, мысалы D дәрумені күн сәулесінің әсерінен біздің терімізде түзіледі.

"Біз тұратын Нұр-Сұлтан қаласында жыл бойына ауа райының салқындығына байланысты, күн сәулесінің түсуі өте аз. Сол себепті елорда халқында D дәруменінің жеткіліксіз болуы заңды нәрсе. Тіпті, бізге келетін 5 науқастың 2-еуінде Д дәрумені жеткіліксіздігі кездеседі десек болады", - дейді Шолпан Оразалы.

Дегенмен, әуелі организмге қандай дәрумендер қажет екендігін анықтап алу керек. Дәрігер ол үшін емханаға барып, арнайы анализдерді тапсырған дұрыс екенін атап өтті.

"Яғни дәрігердің кеңесіне жүгіну арқылы қандай дәруменді және қанша мөлшерде ішу керектігін білетін боласыз. Егер де өздігінен аламын десеңіз, онда өзіңіздің жас ерекшелігіңізді, тамақтану рационыңызды ескеру қажет. Мысалы, қазір диетада болсаңыз, онда қандай дәрумендерге мұқтаж екендігіңізді ескерген жөн. Сонымен қатар, дәрумендерді таңдауда сенімді, халықаралық дәрежеде тексерілген, медициналық сараптамалар мен зерттеулерден өткен фармацевтикалық компаниялар өндіретін дәрумендерді тұтынған дұрыс", - деп түсіндірді Шолпан Оразалы.

Сондай-ақ дәрігердің айтуынша, дұрыс тамақтану да иммунитетті нығайтуда көп пайдасын тигізеді. Көкөністер, жемістер, ет, сүт, жаңғақтар, ботқа - қажетті микроэлементтерге бай азық-түліктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу