ЖСДП Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына бойкот жариялады

1232

"Қарсымыз, бірақ қабылдаймыз".

ЖСДП Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына бойкот жариялады

Сиыр жылының басында өтетін Парламент сайлауына қатысуға толық мүмкіндігі болған Жалпыұлттық социал-демократиялық партия орта жолдан тоқтады. Бүгін партияның XVI съезі өтіп, партия мүшелерінің басым көпшілік даусымен бойкот туралы ұсыныс қабылданды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясының сүзгісінен өткен 6 партияның бірі науқан басталмай жатып-ақ жалау көтерді. Бірақ бұл әрекеттерін социал-демократтар ақ ту көтеріп жеңілу емес, қазіргі жүйеге мойынұсынбау пиғылынан туындаған зерделі шешім деп бағалап отыр.

"Биліктің 7 пайыздық садақасы керек жоқ", "Әр кандидатқа 600, 300 мың теңге төлеп босқа шығындалғанша, сол ақшаны партияның өзге игіліктеріне жұмсайық", "Бұл сайлауға қатысу – биліктің қуыршағы болу". Жиында ортаға шығып сөз алғандар осындай ұрандар тастады. 

Сайлауға қатыссақ дұрыс болар еді деген пікірлер де айтылды. 

"Мен жалпы бойкотқа қарсымын, бірақ партияластардың шешіміне қарсы емеспін". Қарсы болған үш өкіл де осылай деп шарасыздық ишаратын танытты.

Дауыс беру кезінде залдағы 40 мүшенің 32-сі бойкотты қолдап дауыс берді. 5 адам қалыс қалса, 3 адам қарсы дауыс берді. 

Жиын соңында партия сайлауға дайындықты осы жерден тоқтатып, жаңа заман талабына, сай жаңа бағрдалма қабылдау керек деген ұйғарымға келді. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу