Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы наразылық танытқан кеншілерді қолдайтынын білдіріп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
"Жалпыұлттық социал демократиялық партия "АрселорМитталТеміртау" АҚ-ның ереуілге шыққан шахтерларының әлеуметтік-экономикалық талаптарын абсолютті әділ деп есептейді және оларды толық қолдайды. ЖСДП бүгінгі таңдағы жұмысшылардың жұмысберуші алдындағы құқықсыздығы және биліктің халықтың тіршілік мүдделерінен аулақ болуы жағдайында, жұмысшылардың өз құқықтары мен тіршілік мүдделерін қорғауының жалғыз жолы ереуілдер болатынын талай мәрте ескерткенбіз! Біз, "АрселорМитталТеміртау" АҚ басшылығын кеншілердің әділ талаптарына ден қойып, қанағаттандыруға шақырамыз. ЖСДП - билікті, еңбек барысындағы жанжалдар туындаған кезде ірі жұмысберушілердің мүдделерін қорғау тәжірибесін тастауға, ереуілге шыққандарға қарсы репрессивті шараларды мүлдем қолданбауға шақырады! Және айтпағымыз, ереуілге шыққан шахтерларды өз құқықтарын жұмыла, ұйымдасқан түрде, белгілі тәртіппен, өз әділдіктеріңізді толық түсініп, сіздердің белсенді әрекеттеріңіздің бүкіл сала және көп жағдайда бүкіл ел үшін маңыздылығын әбден түсініп қорғауға шақырамыз! Біз сіздермен біргеміз!", - делінген мәлімдемеде.