Жуалы ауданында бұзылған автобустан 51 адам құтқарылды

445

Жамбылдық құтқарушылар Алматы-Ташкент автожолының 570 шақырымында тоқтап қалған автобустан 51 адамды эвакуациялады.  

Жуалы ауданында бұзылған автобустан 51 адам құтқарылды Фото: gov.kz

Автобуста Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары болды, олардың арасында 5 мектеп жасына дейінгі балалар болған, деп жазады inbusiness.kz Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына құтқарушылар шықты. Оқиға орнына жеткен кезде аталған автобус Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының шекарасындағы Жібек жолы (Черняевка) кеден бекетінен шығып, Астана қаласына бағыт алған, алайда автобустың қозғалтқышы бұзылып, Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылының маңында қалып қойғаны анықталды. Барлық азаматтар Нұрлыкент ауылының мәдениет үйіне жеткізіліп, жылы орынмен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Сол күні 17 сағат 30 минутта Шымкент қаласынан қосымша шақыртылған автобусқа отырғызылып 51 адам өз бағыттары бойынша жөнелтілді. Өз кезегінде жолда қалған жолаушылар діттеген жерлеріне тездетіп жетуіне атсалысқан барлық қызметкерлерге алғыстарын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу