Жуалы ауданының бас дәрігері мен оның орынбасары жұмыстан босатылады

1903

Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Фарида Жанбатырованың өтініші бойынша ішкі тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия жіберілді.  

Жуалы ауданының бас дәрігері мен оның орынбасары жұмыстан босатылады

Комиссия құрамына денсаулық сақтау басқармасының, облыс әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғам өкілдері енген, деп облыс әкімі баспасөз қызметі.

Комиссия мүшелері медицина қызметкерлерімен, медициналық мекеме ұжымымен жеке кездесулер өткізіп, сондай-ақ анонимді сауалнама жүргізді.

"Комиссияның алдына айтылған барлық фактілерді объективті және бейтарап түрде анықтау, емдеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдау міндеті қойылды. Қызметтік тексерістің алдын ала нәтижелері бойынша Ф.Жанбатырованың кейбір дәлелдері расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан десек, оған ең алдымен емдеу мекемесі басшылығының өзінің кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарауы әсер еткен",  – делінген хабарламада.

Жіберілген бұзушылықтар үшін ОАА бас дәрігері Б. Алпысбай, бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары А.Байтореев қызметінен босатылады. Сондай-ақ, Жуалы ауданының әкімі Н. Еркебековке сөгіс жарияланады.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының жауапкершілігі карантин аяқталған соң қаралмақ.

Істің барлық материалдары құқық қорғау органдарына жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу