Жуалылық атымтай жомарт ауылына 102 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті

816

Жуалы ауданындағы орталық аурухананың мамандандырылған жылжымалы көліктер паркі жаңа заманауи көпфункционалды реанимобильмен толықты. 

Жуалылық атымтай жомарт ауылына 102 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті

Ауданның тумасы, жеке кәсіпкер, халықаралық "Kusto Group" компаниясының негізін қалаушылардың бірі, Талғат Тұрымбаев құны 40 миллион теңге тұратын жылжымалы реанимобильді сатып алып, медициналық мекемеге сыйға тартты, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 "Kusto Group" компаниясының қайырымдылық қоры бірінші кезекте халықтың ең осал топтарына және медицина қызметкерлеріне көмек көрсетіп келеді. Бұған дейін, жуалылық атымтай жомарт пандемия кезінде ауданға қол ұшын созған. Ол орталық ауруханаға қажетті дәрі-дәрмектер, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныш құралдарын және 30 оттегі баллоның жеткізіп берген. Сондай-ақ, кәсіпкер ауруханадағы инфекциялық бөлімге  оттегі жеткізу жүйесін  орнатуға ықпал етті. Демеуші көмегінің жалпы сомасы 102 млн теңгені құрайды.

Реанимобильді табыстау рәсімі аудандық орталық ауруханада өтті. Салтанатты шараға медициналық қызметкерлер және ауданның тұрғындары қатысты. Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков шараға қатысушыларды қуанышты сәтпен құттықтады. Ол  уақытпен санаспай, өз денсаулықтарын қатерге тігіп,  адамдарды қауіпті індеттен арашалауға барын салған дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге алғысын білдірді. Сондай-ақ  Талғат Тұрымбаев та жерлестеріне назар аударып, жуалылық медицина қызметкерлеріне деген ризашылығын жеткізді.

Болашақта компания ОАА-ға тағы бір мобильді  цифрлық диагностикалық жабдықты орнатпақ ниетте, сонымен қатар облыстағы аз қамтылған отбасыларға арналған екі тұрғын үйді пайдалануға бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу