Аулада 47 жастағы ер адам мас күйінде болған жанжал кезінде жұбайына бірнеше рет пышақ салғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамның белгісіз бағытта, көлікпен қашып кеткендігін анықтады. Көліктің маркасы мен нөмірін оқиға куәгерлері көріп, полицейлерге хабарлады. Дереу полиция нарядтары бағдарланып, облыс орталығының аумағында “Ұстап алу” жоспарын енгізу туралы шешім қабылданды.
Бейнебақылау камераларын қарау барысында жедел басқару орталығы инспекторы Тойсұлу Жанатова көшелердің бірінде Geely көлігін көрді.
Полицейлердің келісілген әрекеттерінің арқасында күдікті ұсталды. Одан пышақ табылды. Қазіргі уақытта, 41 жастағы әйел қалалық ауруханаға жатқызылды.
Қостанай облысы ПД осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағының (Денсаулыққа ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлайды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.