Батыс Қазақстан облысында ішіне жұдырық тиген жасөспірім қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz uralskweek.kz порталына сілтеме жасап.
Порталдың дерегінше, 28 мамыр күні Оралдағы көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген 9-сынып оқушысы есін жимастан көз жұмған.
Белгілі болғандай, екі жасөспірім арасында жанжал болып, 8-сынып оқушысы жұдырығымен 9-сынып оқушысының ішінен ұрған.
Бүгінгі таңда қылмыс жасады деген күдікпен 2008 жылы туған Н. ұсталды.
Полиция ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу