Жүгері егуді жоспарлап отыр

1482

Жүгері егуді жоспарлап отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақ өсімдік қорғау және карантиндеу ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, биология ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі Абай Сағитов бастаған ұжыммен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Келелі кеңес барысында өңіріміздегі агросалаға серпін беретін жүгеру дақылын егу және егістік алқаптарда биологиялық әдісті кеңінен қолдану мәселесі сөз болды.

Ғалым облыс әкіміне 100 га алқапқа тәжірибе ретінде жүгері егу жөніндегі бизнес жоспарын таныстырды. Абай Оразұлының айтуынша, озық технологиямен егілетін жаркенттік жүгері тұқымының сапасы артып, тиімділігі молая түскен.  Бір га орта есеппен 140 тоннаға дейін силос, 30 тоннаға дейін тұқымдық алуға мүмкіндік бар екен. Былтыр Алматы облысы жаңа технологиялық әдіспен 76 мың га аса алқапқа жүгері дақылын өсіріп, әр га  60-62 центнерден өнім жинапты.

"Кеңес заманында оңтүстік өңірі жүгері егуден алдыңғы қатарлы аймаққа айналғанын жақсы білеміз. Қазіргі ахуал мүлде басқаша. Суармалы егістік  алқабы қысқарып, жүгері дақылының көлемі едәуір азайып кетті.  Ендігі мақсат – өңірімізде жүгері алқаптарының көлемін арттыру қажет. Бұл ретте соңғы заманауи   технологиялық әдістерді кеңінен пайдаланған абзал", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өңір басшысы Қазақ өсімдік қорғау және карантиндеу ғылыми-зерттеу институтының бас директорына облысымыздан филиал ашуға кеңес берді. Бұл өз кезегінде облыс диқандарына соңғы үлгідегі агротехнологиялық әдістерді кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу