Жүк көлігі Алматы-Қорғас тасжолын басып өткені үшін 7,6 мың теңге төлейді

2149

Ақылы жол бойына орналасқан 4 ауданның тұрғындары аудан аумағындағы жолда тегін жүре алады. Басқа ауданға өтетін болса, ақы төлейді. 

Жүк көлігі Алматы-Қорғас тасжолын басып өткені үшін 7,6 мың теңге төлейді Фото: yvision.kz

"ҚазАвтоЖол" АҚ бизнесті дамыту басқармасының басшысы Ернар Төлегенов жылына бір рет төленетін абоненттік төлем жеңіл көлік иелеріне ғана арналғанын айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

"Бір емес, бірнеше көлігі бар жеке немесе заңды тұлғалар әр көлігіне мың теңгеден төлеуге тиіс. Абоненттік төлемнің осы түрі Алматы-Қорғас тасжолында ғана қолданылады. Ақылы жол бойына орналасқан 4 ауданның тұрғындары аудан аумағындағы жолда тегін жүре алады. Басқа ауданға өтетін болса, ақы төлейді. Негізі жылына бір рет бір мың теңге абоненттік төлем төлеп қойған тиімді. Өйткені бір ауданда тұратын көлік жүргізушісінің бір жылда басқа ауданға өтпеуі мүмкін емес. Көлік жүргізушісі ақша төлеуден жалтарып, бір ауданнан екінші ауданға өткенін жасырса, бірақ ақылы жол бойындағы бейнекамераға түсіп қалса, айыппұл төлеуге тиіс болады. Тәртіп бұзғаннан кейінгі бір аптада көлік жүргізушісінің үйіне ескерту қағазы жіберіледі. Егер көлігі бар жеке тұлға заңға қайшы әрекетін қайталайтын болса, 5 АЕК, ал заңды тұлға 10 АЕК айыппұл төлейді",– деді басқарма басшысы.
Ернар Төлегеновтың мәліметінше, Алматы-Қорғас тасжолының ұзындығы 304 шақырымды құрайды. Жол бойында 2 ақша қабылдау бекеті мен 6 бақылау бейнекамерасы болады.

"Осы бағыттағы жолда жеңіл автокөлік иелері әр шақырымға 1 теңгеден төлесе, жүк көліктері мен автобустар салмағы мен тасымалдайтын жолаушыларының санына қарай есептеседі. Мысалы көпосьті және тіркемесінде 15 тоннадан асатын жүгі бар жүк көлігі Алматы-Қорғас тасжолын басып өткені үшін 7610 теңге төлейді", – деді ол көпшілікпен жүздескен кезде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу