Жүк экспедиторы 30 миллион теңге материалдық шығынды өтейді

981

Жүк экспедиторы 30 миллион теңге материалдық шығынды өтейді

Қостанайда жүк экспедиторы жоғалған теледидарлар үшін 30 миллион теңге материалдық шығынды өтейді, деп хабарлайды kostanaytany.kz.

Жеке кәсіпкермен келісілген еңбек шарты бойынша жүк машинасының жүргізушісі Санкт-Петербургтен Алматыға құны 40 млн теңгені құрайтын 495 теледидарды жеткізуі тиіс болған. Зат жөнелту орнында жүктің көлемін анықтайтын бейнетүсірілім жүргізілген. Жүргізуші-экспедитор Қазақстанға келе жатқанда, жолда көлігі сынып қалады. Содан соң ол көлікті тіркемесімен бірге жөндеу орнына алып келді. Болған жағдайды айтып, тапсырыс берген кәсіпкерді құлақтандырды. Кәсіпкер Қостанайда бола тұра қайта-қайта қоңырау шалып, қадағалап отырады. Ал жүргізуші оған көлік пен тіркеменің суретін жіберіп, жөндеудің ұзаққа созылатынын хабарлайды. Сол ретте жеке кәсіпкер басқа жүргізушіні жібереді. Көлік істен шығып қалған орынға келген соң жүргізуші тауарға тағылғын қорғасын мөрдің бірінің жұлынып қалғанын байқайды. Ал бірінші жүргізуші бастапқыда мөрдің бұзылмағанын, тек шет жағы майысқанын жеткізеді. Сөйтіп, көзделген бағыт – Алматыға келген соң, тіркеме мөрімен тұрған жерден суретке түсіріліп, қызметкерлердің қатысуымен ашылған. Алайда, тиелген 495 теледидардың тек қана 180 данасы сақталған.  Нәтижесінде, жүктің сақталуына жауапты болған жеке жүргізуші 30 миллион теңге материалдық шығынды өтейді. Мұндай шешімді экономикалық сот шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу