Қырым жағалауының жанындағы Севастополь маңында Anda жүк тасымалдаушы кемесі апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бортта экипаждың тоғыз мүшесі - Сирия және Үндістан азаматтары болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам құтқарылды, қалған алтауының тағдыры анықталып жатыр.
Жүк тасымалдаушы кемеге бидай тиелген. "Интерфакс" дереккөздері кеменің апатқа ұшырауына ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін екендігін айтады. Кеме экипажы апат болған ауданда дауылды жел тұрып, нөсер жауын жауған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу