Сомали астанасы Могадишо қаласында жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды 24.kz.
Ассошиейтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, 40-қа жуық адам ажал құшып, бірнешеуі жарақат алған. Оқиға қаладағы халық көп шоғырланған Ходан ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстан кейін атыс басталған. Кімнің оқ атқаны әлі белгісіз.
Айта кетсек, Сомалидегі шабуылдардың көпшілігі "Аш-Шабаб" содырларының ісі. Бұл радикалды топ ел үкіметіне қарсы күрес жүргізіп келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу