АҚШ-тың Техас штатында шекара қызметінің жауынгерлері жүк көлігінің мұздатқышында отырған 60 заңсыз мигранттарды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұздатқыштағы контейнерлердің арасында көкөністермен бірге жатқан мигранттарды шекарашылардың иті тапқан. Мұздатқыштың есігі жабық болғандықтан босқындар ол жерден өз еркімен шыға алмаған. Мұздатқыштағы ауа температурасы 8°C.
Босқындардың арасында Гватемаланың 22 тұрғыны, 17 мексикалық, 13 сальвадорлық және сегіз Гондурас азаматы бар. Оларға медицина мамандарының көмегі ұсынылды. Алайда олар көмектен бас тартты. Жүк көлігінің жүргізушісі шетелдіктерді заңсыз тасымалдағаны үшін тұтқындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу