Жүк көліктері Қордай арқылы контрабандалық өнім тасымалдайды – Мемлекеттік кірістер комитеті

1047

ЕЭК Министрі қазақ-қырғыз шекарасындағы ағымдағы жағдаймен танысты.  

Жүк көліктері Қордай арқылы контрабандалық өнім тасымалдайды – Мемлекеттік кірістер комитеті

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Кездесуге қатысушылар шекараның қазақстандық учаскесінде бір жүк автокөлік құралының өту уақыты орта есеппен 20 минуттан аспайтынын және автокөлік құралдары кезегінің жиналуына әкелмейтінін атап өтті.

"Қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының аумағында салықтық тексерулер жүргізу процесін көрсетті, оның барысында барлық жүк көліктерінен құжат жүзінде рәсімделмеген тауарлар, оның ішінде брендтік тауарлар анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Өз кезегінде, кездесуге қатысушылар тексерулердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасын қатаң сақталып жүргізілетініне көз жеткізді.

Кездесу барысында Қазақстан тарапы жүргізіліп жатқан бақылау шараларын, бұзушылық фактілері және Қырғыз Республикасымен қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуы бойынша шараларын таныстырды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу