ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қырғызстандық әріптесі Чингиз Айдарбековпен екі ел шекарасынан жүк көліктерін өткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, оның ішінде екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автокөліктерінің өту мәселелеріне ерекше назар аударылды", – деді Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосынан.
Екі елдің СІМ басшылары өзара құрмет, достық және тату көршілік рухында көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға Нұр-Сұлтан мен Бішкектің екіжақты ұмтылысын қуаттады.