Жүк көліктерін утилизацияға қабылдау басталды

947

Бұған дейін тек жеңіл техника қабылданса, енді бүгіннен бастап тұрғындар тозығы жеткен ауыр көліктерін де өткізе алады.   

Жүк көліктерін утилизацияға қабылдау басталды

Елімізде ескі жүк көліктерін утилизациялау басталды, деп хабарлайды Аtameken Business.

Жолаушы тасымалына арналған темір тұлпарлар да қабылданады. Ол үшін азаматтарға 600 мың теңге көлемінде ақы төленеді. Қаражат екі күн ішінде көлік иесінің банктегі есеп шотына түседі. Ескеретін жайт, бұл жолы жеңілдік сертификаты берілмейі. Сыйақы көлемі айлық есептік көрсеткішке байланысты. Мәселен, салмағы 1,3 тоннадан жоғары М2, N1, N2 тобындағы техника үшін 400 мың теңге, ал бөлшегі түгел болмаса 350 мың теңге алуға болады. М3, N3 санатындағы көліктер 550-600 мың теңгеге бағаланады. Жалпы жыл басталғалы жоюға 150 мың машина тапсырылған. Оның 2 жарым мыңы орташа тонналық, 600-ге жуығы ауыр техника құралдары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу