Жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қою туралы қаулы күшіне енді

941

Жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қою туралы қаулы күшіне енді

Бүгіннен бастап  Астанада автомобиль жолдары шектерінде жұмыс күндері сағат 17-30-дан 20.00 аралығында рұқсат етілген максималды массасы 3,5 тонна жүк және транзиттік көлік құралдарының жол қозғалысына уақытша шектеу қою туралы қаулы күшіне енді, деп хабарлайды elorda.info.

"Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы қаулысымен бекітілген "Жолдардағы көлік құралдарының қозғалысын тоқтату немесе уақытша шектеу ережелеріне" сәйкес, сондай-ақ бас қаланың автомобиль жолдарының жекелеген учаскелеріне нормативтен тыс көлік жүктемесін төмендету мақсатында Астана қаласының әкімдігінің қаулысымен 2018 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсаны аралығында Астана қаласында қосымшаға сәйкес автомобиль жолдарының шектерінде жұмыс күндері сағат 17-30-дан 20.00 аралығында рұқсат етілген максималды массасы 3,5 тонна жүк және транзиттік көлік құралдарының жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

"Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген уақытша шектеу апаттық, құтқару, жинау және Астана қаласының автомобиль жолдарындағы жөндеу жұмыстарына тартылған көлік қызметтерінің көлік құралдарына қолданылмайды" делінген құжатта.

Осыған орай Астана қаласы ішкі істер департаментіне аталған қаулыны орындау бойынша қажетті іс-шараларды қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Сондай-ақ Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қажетті жол белгілерін орнату бойынша шаралар қабылдау міндеті жүктелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу