Жүк көліктерінің салмағын өлшейтін қосымша 220 станция орнатылады

240

Станциялар бұзушылықтарды онлайн тіркейтін болады. 

Жүк көліктерінің салмағын өлшейтін қосымша 220 станция орнатылады  Фото: 5 колесо

Салынған жаңа жолдарды тиісті деңгейде сақтап қалу аса маңызды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекетімізде 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелсе, оның 60 мыңы рұқсат етілген 25 тонна жүк тасу көлемін сақтамайды. Бұл жолдардың бұзылуына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты карьер иелерінің салмақ параметрлерін сақтау бойынша жауапкершілігін күшейту, карьерлік самосвалдардың жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға шығуына тыйым салуға тиісті заңнамалық түзетулер әзірленді. Аталған нормаларды қыркүйек айына дейін Мәжіліске кіргізіп, 2025 жылдың басынан бастап күшіне енгізу жоспарлануда", - деді Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында.

Айтуынша, келесі жылдың аяғына дейін автокөліктің қозғалысы кезінде салмағын өлшейтін 220 станцияларын орнату жұмыстары басталды. 

"Өлшеу станциялары бұзушылықтарды онлайн тіркеп, айыппұлды "Сергек" бағдарламасы форматында рәсімдейтін болады", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу