Жүк пойызы 120-дан аса қойды басып кетті

1100

Малдың иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жүк пойызы 120-дан аса қойды басып кетті

Алматы облысында "Жетіген-Құрөзек" аралығында жүк пойызы 123 бас қойды басып кетті. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

– 12 қыркүйек күні сағат 01.24-те Алматы облысы жүк пойызының машинисі темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқап, шұғыл тежеу қолданды. Алайда қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады. Соның салдарынан 530 бас қойдың 123-і пойыз астына түсіп өлді. Пойыздың тұрағы 13 минутты құрады, – деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, оқиға орнына Алтынкөл станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетіп, жүргізілген іс-шаралар барысында малдың иесін анықтады. Ол Алматы облысы Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

– Аталған азамат ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Оңал Бекеев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу