Жүк салатын бөлігінен түтін шыққан ұшақ қонуға мәжбүр болды

847

Жүк салатын бөлігінен түтін шыққан ұшақ қонуға мәжбүр болды

"Аэрофлот" компаниясының Мәскеу – Қарағанды бағыты бойыншағы рейсін орындайтын Airbus А320 ұшағы халықаралық Қазан әуежайына қонуға мәжбүр болды. Себебі ұшақтың жүк салатын бөлігінен түтін шыққан. Бұл туралы "Татар-информ" порталы хабарлады Татарстан бойынша Ресейдің ТЖМ бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі өкілінің айтуынша, әуе кемесінде 117 адам болған.

Оқиға туралы хабарлама әуежайдың шұғыл әрекет ету қызметіне шілденің 15-і күні Мәскеу уақыты бойынша сағат: 00:31-келіп түскен.

Жолаушыларды оқиға орын алған үш сағаттан кейін әуе компаниясының Қазаннан Қарағандыға ұшатын тағы бір ұшағына орналастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу