Жүк таситын ұшақ құлады

1661

Жүк таситын ұшақ құлады

Кот-д'Ивуарда жүк таситын ұшақ құлап, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша әуе кемесі Абиджан қаласының әуежайынан ұшып шыққан. Алайда көп ұзамай теңізге құлап, оның сынықтары мен адамдарды толқын жағаға шығарып тастаған. Құтқарушылар екі адамды ажалдан арашалап қалды. Қазір  құтқару-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Әуе апатының неден болғаны әлі анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу