Жүк тасымалдау тарифтері 4,4% өсті

224

Тауарды автомобиль көлігімен тасымалдау 2,8% қымбаттады. 

Жүк тасымалдау тарифтері 4,4% өсті Фото: dostavka177.com

Бір жыл ішінде жүк тасымалының тарифтері 4,4% өсті (2023 жылғы наурыз бен 2024 жылғы наурызды салыстырғанда).

Бұл ретте халықаралық тасымал 2,3% қымбаттады, мұнда мұздатылған және салқындатылған өнімдерді тасымалдау тарифтері ең жоғары өсім көрсеткен (+28,7%). Жүкті республика ішінде (автокөлікпен) тасымалдау көрсеткіші 3,4% өскен.

  • Әуе көлігімен жүк тасымалдау тарифтері 1,7%, оның ішінде халықаралық қатынаста – 2,3%, республика ішінде – 0,5%  өсті.
  • Теңіз көлігімен жүк тасымалдау тарифі (халықаралық қатынас) 11,2% қымбаттады.
  • Құбырмен тасымалдау тарифі болса, жылдық мәнде 2,7% қымбаттады. Оның ішінде шикі мұнай тасымалы 8,1% жоғарылаған.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу