Жүк тасымалы 12 пайызға өсті

795

Жүк тасымалы 12 пайызға өсті

Жыл басынан бері жүк айналымы көлемі 10,3 пайызға, ал барлық жүк түрлері бойынша тиеу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға артты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Жүк жөнелтушілердің тапсырысымен ұн 10%-ға, астық 13%-ға жоспардан артық тасымалданды. Жыл басынан бері экспорт көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға  өсіп, 63,5 миллион тоннаны құрады. Жүкті Ресейге (+12%), Қытайға (18%), Қырғызстанға (+10%), Өзбекстанға (+10%) және Түрікменстанға (+25%)  экспортқа шығару көлемі өскен.
Жыл басынан бері Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-Еуропаға транзиттік контейнерлік тасымал көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге, Еуропадан-Қытайға екі есеге өскен. Негізгі контейнерлік пойыздар Ченду- Достық –Лодзь бағдарына жиі қатынай бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу