Жүк тасымалын реттейтін әуе компаниясы құрылады

904

Жүк тасымалын реттейтін әуе компаниясы құрылады

Елімізде жүк тасымалдаумен айналысатын жаңа әуе компаниясы құрылады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары Алик Айдарбеков мәлімдеді. Оның мәлімдеуінше, "Air Astana" мен "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниялары жыл соңына дейін бірігіп, тиісті жұмыстарын атқармақ, деп хабарлайды baribar.kz.

"Кез келген дамыған елде жүк тасымалдайтын әуе компаниялары жұмыс істейді. Қазақстанда осыған дейін бұл сектордың өкілі болған емес. Министрліктің қолдауымен ұлттық компаниялар осындай компанияның негізін салады", – дейді Алик Айдарбеков.

Айта кетейік, жаңа әуе компаниясы өз қызметін жыл соңында бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу