Жүк тиеу уақыты 1 күннен 1 сағатқа қысқарады

998

Себебі 2018-ші жылдың желтоқсан айында әуемен жүк тасымалы саласына қағазсыз құжат айналымы ақпараттық жүйесі енгізіледі.

Жүк тиеу уақыты 1 күннен 1 сағатқа қысқарады

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысы 2021 жылы аяқталады. Бұл туралы инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

"Толықтай құрылысқа жер бөлу мәселесі шешілді, учаскелерге техникамен жумысшылар жұмылдырылып, карьерлер рәсімделді. 2021 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтап, жолды ақылы негізде пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс кезеңінде 3 мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Жол тәулігіне 38 мың автокөлік құралының қала сыртына шығуына мүмкіндік береді. Бұл қалада көліктердің қаптап кетуінің алдын алады  және қаланың экологиясына оң әсер етеді", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, Алматы станциясын айналып өтетін теміржол желісінің құрылыс жобасы бойынша осы айдың соңында ең жақсы техникалық ұсыныстарды анықтауға конкурс жарияланады. Жалпы жоба, Алматы станциясын 40 %-ға жеңілдетуге және сол арқылы транзитпен жүретін жүктерді тасымалдау мерзімін 2 тәулікке қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, министрлік "Түркістан облысының жедел автомобиль жолдарын салу және пайдалану" концессиялық жобасы бойынша жұмыс жүргізуде.

"Жоба аясында Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолын (48 км), Сарыағаш қаласының айналма жолын (55 км), Абай-Қызыләскер учаскесін (34 км) салуды және Қызыләскер-Шыназ Қонысбаев өткізу пунктіне (14 км) дейінгі кіреберістің құрылысын жүргізу көзделуде. Жоба Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк айналымы көлемін ұлғайтуға, тәулігіне 25 мың автокөлік құралын Шымкент пен Сарыағаш қалаларының сыртына шығаруға мүмкіндік береді", - деді жоба туралы айтқан Жеңіс Қасымбек.

2018-ші жылдың желтоқсан айында жүк әуе тасымалы саласына қағазсыз құжат айналымы ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Осы ақпараттық жүйенің енгізілуіне байланысты жүк тиеу уақыты 1 күннен 1 сағатқа қысқарады.

Жалпы, ИДМ қадағалауымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі аясында 18 жоба әзірленуде және іске асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу