СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қыс мезгілінде судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
10 желтоқсан күні күні Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерi облыс орталығының су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi "Qyzyljar" телеарнасының тiлшiлерiмен мұз астынан балық аулау орындарында Есіл өзенінде кезектi рейд өткiздi.
Рейд барысында құтқарушылар балықшыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертіп, зардап шекккен адамға қалай көмек көрсету керектігін көрсетті.
Аталған профилактикалық іс-шаралар азаматтарға демалыстарын дұрыс ұйымдастыруға, сонымен қатар төтенше жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.