"Жұқа мұз": елордалық құтқарушылар мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті

157

Құтқарушылар қыс мезгілінде мұз үстінде болатын оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Есіл өзенінде тұрақты түрде патрульдеу жүргізеді.  

"Жұқа мұз": елордалық құтқарушылар мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті Фото: gov.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұз үстіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаладағы су айдындарында "Жұқа мұз" атты арнайы рейдтер өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Су айдындарындағы жағдай күн сайын белгіленген таңғы сағат 08:00-ден кешкі 20:00-ге дейінгі аралықта бақылауда болады.

Аталған рейдтер мұз қату кезеңінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылады. Құтқарушылар балықшылармен және тұрғындарға түсіндіру жүргізіп, мұздың толық қатпаған кезеңінде үстіне шығудың қауіпті екенін ескертеді.

Сонымен қатар, қауіпсіз жүріс-тұрыс талаптары мен төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіреді.

Тұрғындарға жедел қызметтердің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылады. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Атап айтқанда, мына әрекеттерге қатаң тыйым салынады:

  • жұқа мұзға шығуға;
  • қауіпті аймақтарда топ болып жүруге;
  • ойықтарға, жарықтарға және ашық су аймақтарына жақындауға;
  • арнайы жабдықталған мұз өткелдерінен тыс жерде көлік құралдарымен қозғалуына;
  • мұз бетінде от жағуға;
  • бір-бірінен 20 сантиметрден кем қашықтықта ойық бұрғылауға;
  • ойықтарды бір-біріне 2 метрден жақын орналастыруға;
  • мұз үстінде қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды қалдыруға.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу