Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев Golden Boy Promotions атынан чемпиондық жекпе-жекке шығуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның сөзінше, Eye of Tiger Managment промоутерлік компаниясы Golden Boy Promotions-пен АҚШ-та Жүкембаевтың чемпиондық жекпе-жегін өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар, ол Жүкембаев келесі жекпе-жегін 26 қаңтар Квебекте өткізетінін хабарлады. Бұл жекпе-жекте ол бір клубта жаттығатын Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Осыдан кейін Жүкембаев ТОП-15 тізіміндегі боксшымен жұдырықтаспақ.
Айта кетейік, Golden Boy Promotions көптеген танымал боксшылардың ісін жүргізеді, олардың қатарында ең белгілісі мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО).
Мұның алдында Жүкембаев және Eye of Tiger Managment президенті Камиль Эстефан арасындағы қатынастың бұзылғаны хабарланған еді. Ал Жүкембаевтың өзі карьерасын АҚШ-та жалғастырғысы келетінін мәлімдеген.
Жүкембаев соңғы жекпе-жегінде мексикалық Патрисио Мореноны (20-3, 14 КО) нокаутқа түсірген.