Жүкке жасырылған телефондар мен SIM-карталар түрменің кірбересінде әшкереленді

311

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қырағылық танытып, түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттардың өтуіне жол бермеді.    

Жүкке жасырылған телефондар мен SIM-карталар түрменің кірбересінде әшкереленді Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Оқиға техникалық өткізу-бақылау пунктінде кезекшілік кезінде орын алған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасының әскери қызметшілері – Ерлан Қанат, кинолог көмекшісі Береке Дөнебай, сондай-ақ қарауыл қызметіндегі Ерболат Тойлыбай мен Ерназ Әскербеков ГАЗель маркалы жүк көлігін тексеру үшін тоқтатқан.

Қызметтік иттің көмегімен жүргізілген мұқият тексеру барысында бояу құтыларының арасынан әдейі жасырылған тыйым салынған заттар табылды.

Атап айтқанда: 8 мобильді телефон, 4 қуаттағыш құрылғы, 2 SIM-карта және 3 жұп құлаққап анықталды.

Оқиға туралы ақпарат жедел түрде кезекші бөлімге жеткізіліп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу