Қазақстан шекарасында тырысқақ дертіне байланысты бақылау күшейтілді. Қазір әлемде тырысқақ ауруы асқынып барады. Бұл адамға су арқылы жұғатын ауру. Абырой болғанда соңғы 10 жылда, дерт біздің ел аумағында тіркелмеген. Десе де, жауаптылар ауыз су, ашық су қоймаларындағы судың сапасына мониторинг жүргізіп жатыр. Шекара да қатаң бақылауда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу