Бұхара облысының Гиждуван ауданында жеке балабақша тәрбиешісі Spark көлігінде 25 баланы алып жүрді. Бұл туралы облыстық ІІБ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Балалар, соның ішінде кіші мектеп жасына дейінгі балалар артқы орындықта, алдыңғы орындық, тіпті, багажникте болды. Әйел олардың үйлері жақын екенін айтып, бірінші рет осылай жасап отырғанын түсіндірді.
Әйел тұратын махаллада ЖЖҚБ қызметкерлері мен тұрғындарының қатысуымен оқиға талқыланды.
Оқиға туралы хабарлаған басқарманың баспасөз қызметі балаларды балабақшаға жеткізуді және қайтаруды қамтамасыз ете алмайтын балалардың ата-аналарын айыптады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу