Жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салынды

491

Өзбекстанның Еңбек кодексіне бірқатар өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым салынды Фото: canva.com

Кодекстің жаңа редакциясына сай, енді жұмыс берушілер жүктілікке және бала тууға байланысты әйелдерді жұмыстан шығара алмайды. 

Айта кетейік, құжаттың бұған дейінгі нұсқасында осыған ұқсас жағдайларға қатысты тек шектеулер болатын. Яғни, жұмыс берушіге жүкті әйелдерді мүмкіндігінше қызметтен босатпау және оларды басқа жұмысқа ауыстырмау ұсынылатын. 

Сонымен қатар, енді өзбекстандықтарға еңбек шартын электрондық форматта рәсімдеу мүмкіндігі беріледі. Ол үшін "Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесінің" платформасы қолданылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу