Жүкті келіншекке экипаж бен жолаушылар көмек көрсетті

Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясы хабарлап отыр.

Жүкті келіншекке экипаж бен жолаушылар көмек көрсетті Фото: rg.ru

Оқиға 2 күн бұрын, яғни 18 наурызда Астана – Орал бағытындағы FS7367 рейсінде тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұшу кезінде жүктіліктің 27-аптасында болған жолаушының жағдайы күрт нашарлаған. Борттағы жолаушылар арасынан 2 дәрігер экипаждың шақыруына дереу үн қатып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жолаушының жағдайы мен дәрігердің нұсқаулығын ескере отырып, әуекеме командирі ұшып кету әуежайына қайту туралы шешім қабылдаған. 

– Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы жедел медициналық қызмет мамандарына тапсырылды. Кейінірек экипажға ұл баланың дүниеге келгендігі хабарланды. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

FlyArystan әуекомпаниясы бортта көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне, кәсіби шеберлігі мен үйлесімді әрекеті үшін экипаж мүшелеріне, орын алған өзгеріске түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен жолаушыларға алғыс білдіреді, – делінген ресми хабарламада. 

Компания ұшу қауіпсіздігімен қатар, жолаушылардың өмірі мен денсаулығы әрдайым бірінші орында екенін ескертеді. Осындай жағдайлар болғанда барлық шешім медициналық талаптарға сай, ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды ескере отырып қабылданатынын да жеткізді. 

– FlyArystan экипажы төтенше жағдайларда тез әрі маңызды әрекет ете отырып, дайындық деңгейінің жоғары екендігін тұрақты түрде көрсетіп келеді. 2025 жылдағы деректерге сәйкес, 46 жағдайда бортсеріктер жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті, 11 жағдайда жолаушылардың жағдайына байланысты әуе кемесі ұшып кету әуежайына қайта келді, ал бір жағдайда бағыт өзгертіліп, мәжбүрлі қону орындалды, – деп мәлім етті компания өкілдері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу