Қайғылы оқиға Техас штатындағы Навасота қаласында болған. 19 жастағы студент Фредзания Томпсонды жүк пойызы басып кеткен, деп хабарлайды stan.kz.
Модель болуды армандаған келіншек фотосессия кезінде пойыз астына түсті. Оқиға 10 наурыз күні болған.
Ол теміржол рельсінің қиылысқан тұсында тұрған. Ал оны фотограф суретке түсіріп жатқан. Алдын-ала деректерге сүйенсек, қыз келе жатқан пойызды көріп, басқа жолға өтпек болған. Алайда қарсы бағытта басқа бір пойыз келе жатқан. Машинист тежегішті басып үлгере алмай, жүк пойызы келіншекті жаншып өтті.
Фредзания ауруханада көз жұмды. Оның күйеуі 25 жастағы Дарнелл Чатманның айтуынша, әйелі бірер апта бұрын ғана жүкті екенін білген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу