Жүктіліктің 12-ші аптасына дейін тексерілген әйелдерге 425 мың теңге беріледі

10644

Заң жобасы 10 сәуірге дейін қоғамдық тыңдауда болмақ. 

Жүктіліктің 12-ші аптасына дейін тексерілген әйелдерге 425 мың теңге беріледі

Қазақстандық әйелдер жүктіліктің 12-ші аптасына дейін тіркеуге тұрса, 425 мың теңгеден алады. Мұндай өзгеріс денсаулық сақтау туралы заң жобасына енгізіліп отыр.

Ең төменгі жалақының он айлық мөлшерлемесін құрайтын төлем жергілікті бюджеттен төленетін болады. Ең бірінші кезекте бұл жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырып, ана мен баланың денсаулығын сақтап қалу үшін жасалуда.

Заң жобасы 10 сәуірге дейін қоғамдық тыңдауда болмақ.

Айта кетейік қазір ең төменгі жалақы мөлшері 42,5 мың теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу