Жүкжөнелтушілерді ынталандыру үшін логистикалық шешім әзірленді

1322

ҚТЖ ағаш материалдарын транзиттік тасымалдауда бәсекеге қабілетті тарифтік жағдайлар ұсынады.

Жүкжөнелтушілерді ынталандыру үшін логистикалық шешім әзірленді

Коммерциялық құрылымдардың жүктемесін азайту үшін көлік түрін ауыстырмастан Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азияға Ресейден тікелей транзитті жүзеге асыратын жүкжөнелтушілерді ынталандыру, аталған жүктерді тасымалдау үшін логистикалық шешім әзірленді, деп хабарлайды "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 17 тамызынан бастап ИИДМ алты ай мерзімге Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін теміржол көлігімен тасымалдауға тыйым салған болатын. Бұндай шешім сауда қызметін реттеу мақсатында қабылданған.

"Біз ағаш материалдарын тасымалдауда тарифтік жағдайлар мен тасымалдарды ұйымдастырумен байланысты жүкжөнелтушілерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беруге әзірміз", – деп хабарлады "KTZ Express" АҚ бас директоры Дмитрий Абдуллаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу