Жұлдыз Әбдукәрімованың жазбасы елді ойландырып қойды

212

Отандық киножұлдыз, актриса, продюсер Жұлдыз Әбдукәрімова ауруханадан жазба жариялап, жан сырын ақтарды. 

Жұлдыз Әбдукәрімованың жазбасы елді ойландырып қойды Фото: zhuldyzabdukarimovaofficial

Өнер иесі басы айналып, құлап, ауруханаға жеткізілген еді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

“Ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де, үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы – ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым – үнсіздік екен", – деп жазды актриса.

Айта кетейік, актриса әлі күнге дейін диагнозын жариялаған жоқ. Алайда басының ауырғаны тоқтамай, әлсіздік барын айтқан еді.

”Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты. Бірқалыпты деген себебім, ауыр белгілері кеткенімен, бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы қоймай тұр. Күндізгі стационардағы ем қонбады. Сондықтан толық зерттеп, ем шаралары мен жолдарын айтады. Енді екі күн бойы тексерілемін. Баршаңызға рақмет. Негізі ауырып жатқан жоқпын, тек басым айналады", – деп палатасын көрсеткен еді продюсер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу