Жұлдыз Ешимова – әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері

677

Бұл әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының аталмыш құрлық біріншілігіндегі төртінші медалі. 

Жұлдыз Ешимова – әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері

Жұлдыз Ешимова әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынын тағы бір қола жүлдемен толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Әйелдер күресі бойынша 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жұлдыз Ешимова жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол жұбаныш финалында өзбекстандық Актенге Кеунимжаевамен кездесті. Екеуара кездесу 5-1 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу