Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қосшы қаласындағы қоғамдық орталыққа барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министр орталықтың балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, қосымша білім беру және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмысымен танысты.
Мұнда робототехника, шахмат, шығармашылық және спорт үйірмелері жұмыс істейді. Сонымен қатар орталықта мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.
Сапар барысында балаларды қосымша біліммен қамту, олардың қабілеттерін дамыту және жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ балалар мен отбасылар үшін қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру және қосымша білім беру инфрақұрылымын дамытуға қатысты жұмыстар қаралды.