Жұлдыз Сүлейменова Қоянды ауылындағы мұғалімдермен кездесті

265

Кездесуде оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны талқыланды.

Жұлдыз Сүлейменова Қоянды ауылындағы мұғалімдермен кездесті Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қоянды ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектепке барып, педагогтермен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде мектептегі білім беру жүйесін дамыту, оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұны, оқу процесін ұйымдастырудағы өзгерістер және оларды тәжірибеде іске асыру мәселелері талқыланды.

Ашық диалог барысында мұғалімдер министрге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру процесін жетілдіруге қатысты ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.

Министрлік педагогтермен тікелей байланыс орнату олардың тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеруге және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмысты жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу