Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

109

Өңірлерге білім беру нысандарының дайындығын бақылауды күшейту тапсырылды.  

Жұлдыз Сүлейменова мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі телеграм

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барлық өңірдің білім басқармалары басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиында мектептердің дайындығы, жаңа білім беру нысандарының құрылысы мен қолданыстағы мектептердегі жөндеу жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға әзірлігі қаралды.

Өңір басшылары құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысы, нысандардың дайындық деңгейі және шешуді қажет ететін мәселелер туралы баяндады.

Кеңес қорытындысында өңірлерге жұмыстардың мерзімі мен сапасына бақылауды күшейтіп, барлық білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу