Мұндай пікірді ол Үкімет отырысынан соң БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беру барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаза кеткен жөн, Жаңаөзен қаласында мектеп түлектерінің кортеж жасаған видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған еді.
Ондағы кортежде автокөліктермен қатар, тікұшақ та көрінеді.
– Мен бұл видеоны әлі көрген жоқпын. Бірақ Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы (мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынды) міндетті орындалатын сипатта екенін атап өткім келеді. Егер бұл жағдай қоғамдық тәртіпке қатысты болса, балалар қауіпсіздігі ережелері бұзылса, онда заңнамаға сәйкес бұл әрекет тексеріледі, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Осыған дейін министр мейрамханаларда, кафелерде мектеп бітіру кештерін ұйымдастыруға тыйым салынғанын хабарлады.