"Жұлдыздар" да қаламақы сұрайды: министрлік неге жүрісінен жаңылды?

580

Мәдениет министрлігі "Ашық үкімет" порталына "әртістердің қаламақысын көтеру керек" деген заң жобасын жүктеп қойды.

"Жұлдыздар" да қаламақы сұрайды: министрлік неге жүрісінен жаңылды?

Мәдениет және спорт министрлігі сіз бен біздің қалтамыздан төленетін қаражатты аздық етіп отыр ма, әйтеуір ұлттық және мемлекеттік шараларға бөлінетін қаржы сомасын ұлғайту туралы заң жобасын әзірлепті.

Айтуларынша, бір концертті ұйымдастыруға бөлінетін ақша әншілердің гонорарын өтеуге жетпей қалады екен. Министрлік, тіпті, жоғары қаламақы алатын әншілерді де тізіп көрсетіпті. Олардың ішінде Димаш, Роза Рымбаева, Айман Мұсаходжаева, Әлібек Дінішев секілді танымал орындаушылар бар.

Шараға миллиондап, кейде миллиардап ақша бөлінсе де, министрлік неге ақша жеткізе алмай отыр?

Таңмен таласа Мәдениет министрлігі "Ашық үкімет" порталына "әртістердің қаламақысын көтеру керек" деген заң жобасын жүктеп қойды. Бұған дейін әншілер мемлекет есебінен ұйымдастырылатын шараға жұмсалатын ақшаның 10 пайызын алатын. Министрлік енді бұл соманы кемі 20-дан асыру керек,- деп отыр. Өйткені, концертке бөлінетін қаражат өнер адамдарына қаламақы төлеуге жетпей қалады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу