Мысалы, былтыр полициядан қашып, 40 күнге қамалған Төреғали Төреәлі "Төреш" деген шай шығарып, басы ауырған ағайынды жарылқамақ болған.
Алайда оның соңы қалай аяқталғаны белгісіз.
Сыртқы көркімен талайдың көзайымына айналған Тәуекел Мүсілім де шаштараз ашып, пайдаға кенелуді көздеген. Бірақ өнер иесіне бұл жұмысты қосымша алып жүру оңайға соқпаған сыңайлы.
"All Давай" тобының солисі Шоқан Маратұлы да ломбард ашып, соңынан шығынға батқан секілді.
Астана күнінде 10 күнге қамалған Әбдіжаппар Әлқожа бұған дейін біраз кәсіптің басын шалып көрген. Каратин кезінде ол көлік жуу орталығын ашып, тіпті, балалар дүкенін де қолға алған. Бүгінде оның жеке "Originalsyn" ЖК концерт өткізумен айналысатын орталық ашып, көтерме сауда, құрылыс бағытында да жұмыс істейтіні белгілі болды.
Белгілі "КВН" жұлдызы, актер, режиссер Нұртас Адамбай "Apple-Ata" ЖШС-нің құрылтайшысы. Ол 2015 жылы аталған серіктестік арқылы 3,4 млн теңге салық төлеген. Оның ағасы Еркін Адамбаев "Nurtas Pro" ЖШС-нің құрылтайшысы. Бұл серіктестік 9 жыл бұрын 38 млн теңге салық төлепті. Ал Нұртастың тағы бір ағасы Олжас Адамбаев та "Nuradam" ЖШС-нің құрылтайшысы. Ол 2015 жылы 28 млн теңге салық төлесе, соңғы екі жылда мардымды ештеңе атқармаған. Сондай-ақ, Нұртас Адамбай "Келинка" атты тамақтану орнын ашқан.
Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат және Светлана Айтбаевтар "ДимашАли" шығармашылық орталығы ЖШС құрылтайшылары. Орталық концерттік қызметпен айналысады. Сондай-ақ, Светлана Айтбаева "Qazaq Muzykasy" қайырымдылық қорының (салықтар: 2022 жылы 19 мың теңге) және "Dimashinfo" ЖШС (салықтар: 464 мың теңге, 2021 жылы бір рет төленген) тең құрылтайшысы. Сонымен қатар, әйгілі әншінің ата-анасы жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейді. Бұдан бөлек, Құдайбергеновтер отбасы 2023 жылдың күзінде "Дайдидау" ұлттық мейрамханасын ашты.
Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқаповтың 2016 жылдан бері жеке кәсібі бар.
Өнер иесі концерттерден бөлек, мемлекеттік сатып алуларға да қатысады.
Оқапов жеке кәсіпкер ретінде екі мемлекеттік келісімшарт жасаған. Олар – 2019 жылы "Еуразия+ОРТ" ЖШС-мен және 2023 жылы Астана әкімдігінің мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы. Оқапов 4,2 млн теңгеге "Жаңа жыл түні" іс-шарасында жүргізуші болған. Сондай-ақ, ол "Роза Рымбаева Қоры" ҚҚ-ның тең құрылтайшысы.
Әнші Ерке Есмаханға "Erke Esmahan Empire" ЖШС тиесілі. Ол 2018 жылдан бастап 6 млн теңге, оның ішінде 2023 жылы 2,3 млн теңге салық төлеген.
Маусым айының соңында 5 күнге қамауға алынған Тұрсынбек Қабатов ешқандай кәсіпке иелік етпейді.
Скриптонит лақап атымен танымал Әділ Жалиловтің Ресейде "Музыка 36" АҚБ атты дыбыс жазу студиясы бар. Бұл нысан 2019 жылы Мәскеуде тіркелген.
Дыбыс жазудан басқа, музыкант бөлшек сауда, кітаптар мен журналдар шығару, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру, фильм мен бейнеклиптер түсіруді қолға. Оның айналысатын кәсібінің ішінде жиырмаға жуық қызмет түрі бар.
РБК мәліметтері бойынша 2023 жылы компанияның кірісі 26 миллион рубльді құрап, таза пайда 585 мың рубльге жетті. Ал шығын – 25,6 миллион рубльге шамасында. Салыстырмалы түрде 2021 жылы Скриптонит Ресейден кеткенге дейін кірісі 230 миллион рубльді, таза пайда 46 мың рубльді көрсеткен.
"Қазақтар" КВН командасындағы Гүлнара Сейлбаева Meal.kz пайдалы тамақ жеткізу сервисін іске қосқан. Компания тек 2017 және 2018 жылдары салық төлегенімен, кейін белсенділік танытпаған.
Белгілі шоумен, актер және продюсер Нұрлан Қоянбаев бірқатар компанияның құрылтайшысы және қатысушысы. Мәселен, "Byb Production" қаржылық және инвестициялық қызметті ұсынады. Компания 2023 жылы 10 теңге көлемінде салық төлеген.
Құрылтайшылардың бірі Қазақстандағы ең бай адамдар қатарына енген Forbes.kz тізіміндегі Кеңес Рақышев. Ал "Qos Entertainment" және "Qos Entertainment LTD" бағдарламалар жасаумен айналысады. 2022 жылы 2,2 және 8 млн теңге салық төледі.
Бұдан бөлек, "Sim Sim Marketing" интернет арқылы сауда және бөлшек саудамен айналысқан. 2022 жылдың қорытындысы бойынша аталған компания 12 млн теңге төлеген. Қазір жабылу сатысында тұр.
"Қаз әлемі" мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізу қызметімен айналысады. Салық аударымдары жоқ. "The Great World Game" компаниясы кино түсірумен айланысады. Әзірге компаняның салық аударымдары туралы дерек жоқ.
КВН өкілі Дәуіт Шайхисламов та бірқатар қазақстандық компаниялардың құрылтайшысы және қатысушысы болып саналады.
Мәселен, "Большая 8осьмерка" ЖШС кәсіби, ғылыми және техникалық қызметті атқарады. 2015 жылғы жағдай бойынша 39 млн теңге салық төлесе, өткен жылы бұл сома 2,1 млн теңгені құрады. "Форент" ТЖШС қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) және осыған байланысты қызметті орналастырумен айналысады. Әзір бұл компания белсенді емес, салық аударымдары туралы ақпарат жоқ. "Alma Film" ЖШС кинофильмдер мен телевизиялық бағдарламалар шығарумен айналысқан. Қазір реестрден шығарылған.
Соңғы уақытқа дейін Шайхисламов "Aspan Galaxy" ЖШС-нің тең құрылтайшысы атанды. Компания 2024 жылдың қаңтар айында ашылып, мәдени-ойын-сауық іс-шараларын өткізумен айналысады. Салық ретінде 69,3 млн теңге төлеп үлгерді. Дәуіт Шайхисламовпен бірге компанияны Анара Оспанова мен Лариса Качинская құрған. Бірақ маусым айында Шайхисламов бұл кәсіптен шығып, оның орнын Данияр Жангубеков басты.
Дереккөз: Shishkin_like телеграмм-арнасынан аударылды